Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Елена Рыбакина Уимблдон турнирінде үшінші ракетка болып тіркелді, деп хабарлайды Arbat.media.
Дүниежүзілік рейтингіде де үшінші сатыда тұрған қазақстандық теннисші өткен жылғы чемпиондық атағын қорғамақ.
Сондай-ақ, Қазақстанның ерлер арасында – бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик Уимблдонда алғаш рет таңдаулылар қатарында бақ сынағалы отыр. Жуырда Галледегі ірі жарыста тамаша өнер көрсетіп, жеңімпаз атанған Бублик жарысқа 24-ракетка болып қосылады деп күтілуде.