Азия ойындарында ел құрамасы қоржынына тағы екі жүлде түсті, - деп хабарлайды Arbat.media.
81 келі салмақтағы Абылайхан Жұбаназар өзбекстандық Мусо Собировпен 3-орын үшін шықты.
Абылайхан қарсыласын иппон әдісімен жеңіп, қола жүлдеге ие болды.
Абылайхан іріктеу сатысында Гонконг және Бахрейннен келген қарсыластарын қапы қалдырды.
Жартылай финалда тәжікстандық Сомон Махмадбековке есе жіберіп қойды.