четверг, 8 октября
Бокс и ММА Редакция

Жалғас Жұмағұлов UFC файтерлері тізімінен шығарылды

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (14-9) UFC файтерлері тізімінен шығып қалды, деп хабарлайды Arbat.media.

Sports.kz порталының жазуынша, лиганың ростеріндегі өзгерістер туралы жариялайтын UFC Roster Watch Twitter-аккаунтын аталған мәселе мәлім болған. 

Жалғас Жұмағұлов 24 маусымда өткен соңғы жекпе-жегінде UFC дебютанты америкалық Джошуа Ванға қарсы өткізіп, жеңіліп қалған еді. 

Бұл «Жаконың» қатарынан төртінші және UFC-де алтыншы жеңілісі болып отыр. Сонымен қатар, Жұмағұлов төрешілердің бөлек шешімімен үшінші рет қатарынан жеңілген еді. 

Читайте также

Свежее

Все →